- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазҒЗУ студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы дәріс оқылды (Фото)
ҚазҒЗУ студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы дәріс оқылды (Фото)
20 Наурыз, 2015 13:34
Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында білім трансферін қарқындату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оқытуда жаңа әдістер енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі заң ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Примашев Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлады Мемлекеттік басқару академиясында.
Таныстырылым негізінде жүргізілген дәріс барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша материалдармен қатар, жалпы сыбайлас жемқорлық бойынша да ақпарат берілді. Шет елдердің осы саладағы тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Дәріс 3-курс қазақ топтарына арналып қазақ тілінде өткізілді.
ҚазҒЗУ студенттері қазақстандық қоғам мен мемлекет үшін қауіп төндіріп отырған бұл құбылысқа жай қарамайтындықтарын білдірді. Дәріс соңында студенттердің бірқатар келелі сұрақтарына білікті жауаптар берілді.Дәріс соңында Н.М. Примашев өзекті тақырыптағы дәріс – сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат іс-шарасын өткізуге жағдай жасаған ҚазҒЗУ басшылығына алғыс білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары