- Басты
- Жаңалықтар
- Ювеналды соттар жұмысы жоғары бағаланды – ҚР Жоғарғы сот
Ювеналды соттар жұмысы жоғары бағаланды – ҚР Жоғарғы сот
«Бала құқығын қорғау - Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.Бұл халықаралық құқықтық актілерде және Конституцияда бекітілген баланың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын толық мойындауды білдіреді», - делінген хабарламада.
Қазақстан бала құқығын қорғауға бағытталған бірнеше халықаралық шарттардың, соның ішінде Бала құқығы туралы Халықаралық конвенцияның, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің қатысушысы болып табылады.
Бала құқықтарын қорғау жолындағы еліміздегі маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Астана және Алматы қалаларында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құрылуы болды.
Кейін, 2008 жылдың 19 тамызында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздегі балаларды қорғау жүйесін жасақтауға және оны әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру ювеналды әділет жүйесінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылды. Осы мәселені шешу мақсатында 2012 жылдың ақпан айында барлық облыс орталықтарында және ірі елді-мекендерде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда, алғаш рет Орталық Азия және посткеңестік кеңістікте кәмелетке толмағандардың қатысуымен және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша арнайы юрисдикциялы өкілеттік берілген мамандандырылған 19 сот жұмыс істеуде.
Мамандандырылған ювеналды соттар жұмысының тиімділігі мен сапасының маңыздылығын ескере отырып, ювеналды әділет жүйесін құру әрі кешенді дамыту үшін Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті олардың 2014-2015 жылдардағы жұмысына талдау жүргізді.
Талдаудың негізгі мақсаты орын алуы мүмкін құқықтық кемшіліктерді және ювеналды соттар жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін себептерді анықтау, сот практикасын зерделеу және осы соттардың жұмысын ұйымдастыруды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.
Жалпы алғанда талдаудың қорытындысы көрсеткендей, мамандандырылған соттарды құру кәмелетке толмағандарға қатысты материалдардың мұқият зерделенуіне ықпал етіп, құқықбұзушылықтар мен қылмыстар туралы істерді қарау және дауларды шешу кезіндегі күтілген нәтижелерді қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, жүргізілген талдау, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етумен байланысты тиісті шараларды қабылдауды қажет ететін өз алдына жеке мәселелер мен үрдістердің барын анықтады.
Мысалы, ювеналды соттарда қаралған істердің көпшілігі, ата-ана құқығынан айырумен (құқығын шектеумен) байланысты азаматтық істерге (38%), ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін орындамауына байланысты құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерге (64%), ата-ананың сот шешімі бойынша балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты қылмыстық істерге (65%) қатысты.
Талдау қорытындысының негізінде мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленді. Толық талдамалық анықтама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Талдама» айдарында жарияланды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев