Қазақстанда 2015 жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллиард теңге бөлінеді

31 Наурыз, 2015 10:39

2015 жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінгелі отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге көп. Жалпы сомасы 34,8 миллиард теңгені құрайтын аталмыш несие екінші деңгейлі банктер мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының операторлары арасында займ ретінде бөлінген.  Оның ішінде 17,6 миллиард теңге «Азық түлік корпорациясының»,  7,5 миллиард теңге «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының үлесінде»,-деді С.Омаров.  

Бұл ретте ол «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды жылдағыдай әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігі негізінде жүзеге асыратындығын атап өтті.

«Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қосымша 3,5 миллиард теңге көлемінде бюджет қаржысы бөлініп, өз кезегінде аталмыш қаржы да мемлекеттік ресурстар есебінен дән сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі және жазғы дала жұмыстарына жұмсалатын болады».-деді министрдің орынбасары.  

Индира Кауметова

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар