- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов: Қазақстан, Германия және Франция көпжақты форматтағы диалогты кеңейтеді
Е.Ыдырысов: Қазақстан, Германия және Франция көпжақты форматтағы диалогты кеңейтеді
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, еуропалық сыртқы әрекеттер қызметінің (ЕСӘҚ) жоғары лауазымды өкілдері қатысқан іс-шарада сөйлеген сөзінде Е. Ыдырысов «Қазақстан – 2050» Стратегиясының, Қазақстан Президентінің халқына арнаған «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» жолдауының негізгі басымдықтарын атап өтті. Осы кең ауқымды бағдарламалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық сапалы дамуын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірлік мәселелердің, соның ішінде Орталық Азия бес елдерінің құрлық қоршауында қалу мәселесінің кешенді шешілуіне өз септігін тигізеді деп атап өтті министр.
ҚР СІМ басшысы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экномикалық ынтымақтастықты қарқынды дамуын атап өтіп, бүгінде ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі және еліміздегі ең ірі инвестор екенін де баса айтты. Министрдің ойынша, ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуеті үстіміздегі жылы қол қоюға жоспарланып отырған ҚР мен ЕО арасындағы кенейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа Келісімде жатыр.
«ҚР Сыртқы істер министрі өз сөзінде еуропалық мемлекеттермен жаңа қауіп-қатерлерге жауап беру тұрғысынан ынтымақтастықты тереңдету түсудің маңыздылығын белгілеп кетті. Бұндай қауіп-қатерлерге халықаралық коалиция күштерінің шығуына байланысты Ауғанстандағы саяси жағдайдың шиеленісуі, «Ислам мемлекеті» деп өзін атайтын лаңкестік ұйымның белсене түсуі, сондай-ақ Украинадағы жағдай жатады», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында аймақтық мәселерді шешуде еуропалық мемлекеттердің белсендірек қатысуы мен көмек көрсетуі оң фактор болып табылып, өзара тиімді шешімдерге қол жеткізуге жетелейтіндігі туралы айтылды.
ГФР федералды үкіметінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша уәкілетті елшісі Корд Майер-Клодт Қазақстан ЕО-ның Орталық Азияға қатысты жаңартылған стратегиясын жасаудағы ерекше ролін атап өтті. Бұл құжатта аймақтық және елдік тәсілдер үйлесетін болады және Қазақстан оны жасауда сүбелі үлесін қосты дегенді неміс дипломаты алға тартты.
Өз кезегінде Францияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігінің континенталды Еуропа департаментінің директоры Эрик Фурнье Қазақстанның ирандық ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер үдерісіне және Украинадағы жағдайды реттеуге қосып отырған үлесін атады. Оның пікірінше, бұл елдің аймақтық және жаһандық мәселелерді шешуге араласуы және елімідің жауапты халықаралық серіктес ретіндегі беделінің артуы болып табылады.
Жалпы алғанда, шараның барлық қатысушылары оны Астанада өткізудің бірейгілігі туралы атап, мұның Еуразиялық континенттің мәселелерін жақсырақ түсінуге, сонымен қатар, Еуропа мемлекеттерімен ары қарай ынтымақтасудың жолдары мен болашағын айқындауға мүмкіндік беретіндігін алға тартты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы