• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Құлыбаев: Кәсіпкерлікті қолдау Қазақстанды дамытудың басым бағыттарының бірі

Т.Құлыбаев: Кәсіпкерлікті қолдау Қазақстанды дамытудың басым бағыттарының бірі

31 Наурыз, 2015 10:51
Қызылорда облысында облыс басшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Шарада өңірдегі Индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.  

"Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Палата үшін ағымдағы жыл «Өңірлер жылы» деп жарияланғанын, яғни Палатаның аймақтық филиалдарының дамуына ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

 «Палата жұмыс жасағалы бір жылдан сәл асты, алайда барлық облыстарда филиалдары құрылып үлгерді. Өңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы қабылданды. Өңірлік карта аймақтың нарық өзгешелігін, сонымен бірге отандық тауар өндірушілердің ірі ұлттық және жүйе құрушы компаниялармен ұзақ мерзімдік келісім-шарттары негізінде дайын өнімді өткізу мүмкіндіктерін көрсетуге тиіс», - деді Т.Құлыбаев.

Сондай-ақ, облыста газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ) сияқты ірі қаржы институттарымен ынтымақтастық орнатылған. Бұл келісімдердің барлығы кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді.

 

Барлық жаңалықтар