Ақмола облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды (Фото)

31 Наурыз, 2015 10:34
Аудан орталығы Балкашино ауылында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлады Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Орталықтың қызметі ауылда бизнесті дамыту  жағдайын жақсартуға бағытталған. Енді өз ісін ашуда адамдар кеңес алуда, ауылдықтарға мемлекеттік қолдау қалай көрсетілетіні туралы  ақпаратты орталықтан алуға болады. Осыған дейін ауыл тұрғындары облыс орталығына шығуға  міндетті болатын.

Сандықтау ауданының кәсіпкерлерді қолдау орталығына 1 күннің ішінде 16 адам жүгінді. Оның бірі «Стигал» ауыл шаруашылығының басшысы Ибрахим Тепасаев. Фермер 2,5 млн теңге несие алып, «Егінжай» егін отырғызу бағдарламасын жүзеге асырмақ. КҚО-да ол қажетті кеңес алды, құжаттарды дайындауға кірісті.

«Аталмыш орталықтар кәсіпкерлерге өте қажет. Ауылдықтар өз бизнесін ашу үшін көп ақпаратты біле бермейді. Бұл жерде оларға қолжеткізуге болады», - деді кәсіпкер.

 

Барлық жаңалықтар