Маңғыстау облысында жыл басынан бері мұнай мен газ өндіру көлемі артты

31 Наурыз, 2015 10:18
Маңғыстау облысында жыл басынан бері мұнай мен газ өндіру көлемі артты, деп хабарлады аймақтың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Индира Құрман.

«Осылайша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 263 миллиард теңгені құрады.  Өсім әсіресе, тау-кен өнеркәсібінде байқалып, мұндағы нақты көлем индексі 100,3 пайызды, қайта өңдеу өнеркәсібі саласында 100,2 пайызды құрады. Мұндай өсімге қол жеткізу мұнай өндіру көлемінің артуына байланысты мүмкін болып отыр»,-деді ол.

Басқарма өкілінің айтуынша, биылғы жылы газ өндіру көлемі 4,2 пайызға артып, 352,6-дан 367,3 миллион текше метрге жететін болады.   

«Облыста сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 35,1 пайызға көбейіп, 12,5 миллиард теңгені құрады. Іске қосылған тұрғын үйлер 161,7 мың шаршы метрге жетті немесе 48,2 пайызға көбейді.  Бұл жетістікке жеке тұрғын үй құрылысы есебінен қол жеткізілді. Биылғы жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 263 миллион теңгеге жетті»,-деді И.Құрман.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар