- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімдігі мен KAZENERGY ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қызылорда облысының әкімдігі мен KAZENERGY ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«KAZENERGY» қауымдастығының және «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығының бірқатар нысандарын аралады.
Кездесу барысында «ҚазЭнерджи» қауымдастығы мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтып өткендей, меморандум шеңберінде аймақтың жер қойнауын пайдаланушыларымен белсенді түрде жұмыс жасау жолға қойылатын болады.
Меморандум қауымдастық пен облыстың жергілікті атқарушы билігінің күш-жігерін біріктіру арқылы мұнай-газ саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және осы сала бойынша кадрлар әзірлеуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын аймақ игілігіне қолдануға өз септігін тигізетін болады.
Содан соң, "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өңірдегі Индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері