• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетаудағы зауыт жыл басынан бері 30 тонна өндірістік химия тауарын өндірді (Фото)

Көкшетаудағы зауыт жыл басынан бері 30 тонна өндірістік химия тауарын өндірді (Фото)

31 Наурыз, 2015 09:46
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин тұрмыстық химия тауарларын шығару бойынша зауытта болды. Ол бұл кәсіпорынның жұмысымен Көкшетау қаласының нысандарын аралауы аясында танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бұл жерде кір жуу ұнтақтарын, сұйық әмбебап жуғыш құралдарын, предизолирленген құбырларды және үлгілік бұйымдарды өндіреді», - делінген хабарламада.

 Зауыттың ай сайынғы өндірістік қуаттылығы 30 тонна кір жуғыш ұнтақ, 20 литр жуғыш құралдар және 5 мың метр құбыр. Зауыт өткен жылы 290 млн. теңгенің соммасына өнім өндірген, ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы табыс – 30 млн теңге.

Тауар Қазақстанның барлық өңірлерінің нарықтарына, сондай-ақ, Ресейге жөнелтіледі. Бұл жерде бүгінде барлығы 45 адам еңбек етеді.

 

Барлық жаңалықтар