- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Польша Елшісін қабылдады
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Польша Елшісін қабылдады
Польша Сенатының Төрағасы (Маршалы) Б.Борусевичтің тілегі ескеріліп, оның биыл Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Польша елшісінің өтінішіне орай Сенат Төрағасы Қазақстандағы сайлау алдындағы жағдай, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 20 жылдығын мерекелеу жайын таныстырды. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» съезінде жария еткен бес институттық реформалардың мазмұнына ерекше назар аударды. Ол сондай-ақ аймақтағы ахуал туралы өз ойларымен бөлісіп, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қызметі туралы елшіні хабардар етті.
Польша елшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады, оның пікірінше қызметі көпұлтты Қазақстан халқын біртұтастығын нығайтуға бағытталған Ассамблея маңызды институтқа айналды. Мемлекет басшысы басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысы, мыңдаған поляк диаспорасының мүдделері ескерілгені көрініс тауып отырғаны атап өтілді. Я.Ключковскийдің пікірінше, Қазақстан Президенті көреген әрі сындарлы ұлттық саясатты жүргізіп келеді, және бұл әлемнің түрлі аймақтарындағы күрделі оқиғалардың аясында аса маңызды болып отыр.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді