- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов Астана ЖЭО қызметкерлерімен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов Астана ЖЭО қызметкерлерімен кездесті
Кездесуге сондай-ақ сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров қатысты.
Тұрғын Сыздықов өз сөзінде кездесуге қатысушыларды өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі принциптері туралы хабардар етті.
«Біз ғылыми коммунизм идеяларын сақтауда үлкен қадам жасадық. Дамудың көп кезеңдік жолынан өттік. Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны төрешілдендіруге қарсы тұру, даму үрдістерін болжамдау, өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде ден қоюдың тұрақты тетіктері жұмыс жасайды. Мұның бәрі өмірдің аса қажетті мұқтаждарынан туындайды, бұқараның жанды шығармашылығына арқа сүйейді», - делінген кандидат Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Сондай-ақ сайлауалды тұғырнамада батыс мәдениеті мен құндылықтарының келеңсіз ықпалы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.
«Жаһандық компьютерлендіру және әсіресе батыстық электрондық БАҚ қоғамдық сананы арбайды, адамдар арасында іріткі салу үшін индивидуализмді пайдаланады, бұл ғаламшардың мәдени жігіің іргелі эрозиясына әкеп соқтырады.
Еуропалық елдердегі тұтыну қоғамының құрылымдары қалыптастырған батыс мәдениетінің дағдарысы, батыс өркениетінің әмбебап құндылықтарды жеке өздері өндіруі және әлеуметтік өмір нормалары бір-бірімен терең қайшылыққа түсуде. Батыстың кемшіліктері әсіресе нақ мәдени салада көрініс тауып отырғаны сөзсіз. Өйткені тұтыну әлеуметтік феномен ретінде материалдық мүдделерін қанағаттандыруды көздейтін құндылықтар мен идеяларға негізделген», - деді Тұрғын Сыздықов.
Кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында кинеематографтың батыстық стандарттарының келеңсіз ықпалы мәселелері де көтерілген.
«Кинематографтың батыстық стандарттары зорлық-зомбылық пен азғындыққа негізделген. Онда жағымсыз кейіпкерді күшті етіп көрсету қалыпты жағдай.
Батыс кинематографы зорлыққа деген құлшынысты эстетикалық кеңістікке шығарып отыр. Батыс мәдениетінің бұл «жетістігі» батыстық өркениеттің бағытына кері әсер етуде. Әдебиет саласында да дәл осындай жағдай қалыптасқан.
Әдебиет жетекші рөлден айырылып, кинематографтың ықпалымен зорлық пен әрекетсіздікті насихаттауға көшкен», - делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Кездесу соңында штаб басшысы А. Қоңыров қатысушыларға жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары жөнінде айтып берді.
«Біздің штабта сенімді өкілдер айқындалды. Олар барлық ақпараттық жұмысты жүргізетін болады. Біздің егжей-тегжейлі жұмыс жоспарымыз бар. Бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.
Штабымыз БАҚ-пен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, біз бұқаралық ақпарат құралдарына қашан да ашықпыз. Біз кандидатымыздың қызметі мен оның сайлауалды тұғырнамасы жөнінде барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз», - деді А. Қоңыров.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында Тұрғын Сыздықовтың аймақтық сайлауалды шатыбының таныстырылымы өтті.
Қызылорда облысы бойынша аймақтық штабтың жетекшісі болып Талғат Телубаев тағайындалды.
«Бір ай көлемінде штаб Т.И. Сыздықовтың кандидатурасын қолдау аясында бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.Штаб құрамында 5 сенімді тұлға жұмыс істейді. Насихат материалдары алынды, қазір оларды тарату жұмыстарымен айналысып жатырмыз», - деді таныстырылым барысында Т.Телубаев.
Ол сондай-ақ кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды үгіт-насихатының негізгі бағыттары жайында қысқаша әңгімелеп берді.
«Бүгінде батыс қоғамы жасанды және негізгі құндылықтардың өзара арпалысқа түскен күрделі кезеңін, моральдік қағидаттар мен рухани құндылықтардың дағдарысын бастан кешіп отыр. Сол себепті, біздің кандидатымыз, Тұрғын Сыздықов, бұл мәселелерге үлкен маңыз беріп отыр», - деді ол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары