- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына мониторинг жүргізуге кірісті
ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына мониторинг жүргізуге кірісті
«Бүгінгі таңда ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін байқаушы ретінде тіркеуге қажетті 200-ге жуық құжат дайын. ТМД-дан келетін байқаушылар миссиясының құрамында 300 адам болады деп күтілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасының барлық аймағы қадағаланады»,-деді ТМД-дан келген байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода.
ТМД мемлекеттерінен келген байқаушылар миссиясын ТМД-ның атқару комитетінің төрағасы және осы ұйымның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев басқарады деп күтілуде.
Оның мәліметтерінше, өздерінің сайлауды байқау шараларына қатысатындықтары Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Беларусь сияқты мемлекет өкілдері растаған. Жалпы алғанда сайлау науқанын байқау жұмыстарына ТМД-ға мүше елдердің барлығының өкілдері қатысады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ТМД мемлекеттерінің байқаушылар миссиясы штабының басшысы Е.А.Слободаны ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы дайындық жұмыстарымен таныстырды.
Әңгіме барысында кездесуге қатысушылар назарды сайлау науқанының сайлауалды үгіт жұмыстары, дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу процедуралары, сайлауды қорытындылау жұмыстары сияқты сайлаудың жекелеген мәселелеріне аударды.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді