- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта Қазақстан мен Мажарстан арасындағы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы қаралды
Сенатта Қазақстан мен Мажарстан арасындағы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы қаралды
Шарт қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық тиімділігін арттыруға және қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазаны өтеуден жалтаратын адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мен Мажарстанның құзыретті органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.
Сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын да қарады.
Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт 2014 жылғы 3 маусымда Будапештте жасалған болатын.
Шарт Мажарстан соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Мажарстан азаматтарын бұдан әрі жазасын өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттерінде өтеу үшін беру мәселелерін регламенттейді.
Отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Құжат уағдаласушы Тараптар мемлекетінің аумағына заңсыз келетін адамдар реадмиссиясының құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттеуге бағытталған.
Келісім Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтаудың және оларды қауіпсіз әрі реттелген қайтарудың, сондай-ақ осындай адамдардың транзитіне ықпал етудің тиімді рәсімдерін айқындайды.
Құжатты ратификациялау ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, олардың аумағында болатын адамдарды қабылдау және олардың транзиті саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастыққа құқықтық негіздер жасайды, сондай-ақ реттелетін салада ынтымақтастық тетігін жасауға және заңсыз көші-қонмен күресудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Келісім шарт Тараптарына егемендікті толықтай сақтай отырып, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірыңғай келісілген саясатты жүргізуге мүмкіндік беріп, сол арқылы оның деңгейі мен онымен байланысты қауіпті бақылауға және төмендетуге қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қорғауға, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға, осы тұста қазіргі кездегі мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары