- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші» форумына 200-ге жуық зиялы қатысуда
«Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші» форумына 200-ге жуық зиялы қатысуда
«Бүгінгі шараға шығармашылық интелегенция өкілдері қатысуда. Мемлекет үшін олардың орны ерекше. Мемлекетіміз мәдениет, өнер мен әдебиетке үлкен көңіл бөліп отырғандығы баршаға аян. Мәдениет саласына бөлінетін қаржы жыл сайын ұлғайып келеді. Ал соңғы жылы бұл салаға жұмсалатын қаржы 5 миллиард теңгеге артты. Біздің елімізде музейлер, кітапханалар мен мәдениет нысандарының саны жыл санап, өсіп келеді және олар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
Форум жұмысына белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар, мәдениет нысандарының басшылары, білім және шығармашылық бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Форумға қатысушылар жалпыұлттық идеяны насихаттауда шығармашылық күшті біріктіріп, Қазақстан Республикасының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен зерттеу бағытындағы халқымыздың мәдени, рухани әлеуетін арттырып, шығармашылық тұлғалар мен мәдениет ұжымдары мен ұйымдарына, ғылым мен білімге қолдау көрсетуды мақсат етеді.
Шығармашылық интелегенция өкілдері сонымен қатар көпұлтты еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен оларды көбейту мәселесіне қатысты, азаматтардың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру бағытындағы мәселелер бойынша пікір алмасты.
Форум жұмысы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен дәстүрін сақтау мен зерттеу бағытындағы басым бағыттар бойынша ұсыныстар енгізуге бағытталған.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері