- Басты
- Жаңалықтар
- «Батыр арулар» байқауына қатысу үшін 200-ден артық өтініш келіп түсті – Қорғаныс министрлігі
«Батыр арулар» байқауына қатысу үшін 200-ден артық өтініш келіп түсті – Қорғаныс министрлігі
1 сәуірден бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында әскери кәсіптің ең үздік өкіліне арналған ашық дауыс беру басталады
Дауыс берудің әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында сайтқа кіруші IP-мекен-жайы бойынша бір рет дауыс бере алады. Байқау жеңімпазы жинаған дауыс санының көптігі бойынша анықталады. Номинанттарға дауыс беру on-line жүйесінде іске асырылады, дауыстар өздігінен сайттың web-парақшасында көрінеді, ал бұл өз кезегінде дауыс беру барысын және әр қатысушыға берілген дауыс беру санын мұқият бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитетіне еліміздегі әскери бөлімшелерден 200-ден астам өтініш келіп түсті. Бірінші кезеңде конкурсқа жіберілген өтініштер іріктеліп, екінші кезеңде дауыс беруге жіберілген қатысушылардың есімдері белгілі болады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өтетін «Батыр арулар» байқауы қыз-келіншектер арасында әскери қызметті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен ҚР Қарулы Күштерінде жұмыс істейтін және отставкадағы әскери қызметші әйелдер қатысады.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери кәсіптің 12 үздік өкілі анықталады. Жеңімпаздар халыққа танылып қана қоймай, 2016 жылғы «Батыр арулар» арнаулы күнтізбесіне суреттерін жариялау мақсатында кәсіби фотосессияларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды