- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбелік әртістер Санкт-Петербургте өткен фестивальде лайықты өнер көрсетті
Ақтөбелік әртістер Санкт-Петербургте өткен фестивальде лайықты өнер көрсетті
Ресей, Қазақстан, Беларусь, Словакия, Польша, Франция, Корея, Өзбекстан, Тәжікстан және Тайвань мемлекеттерінен келген 80 ұжым мен 500 әнші хореография, эстрадалық-вокалмен ән айту, халықтық вокал мен аспаптар өнері сияқты төрт аталым бойынша бақ сынасты.
Онда Айтолқын Аманжол мен Раушан Жәнібекова қазақ және орыс әндерін орындап, бірінші және екінші орындарды иемденді. «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша әділқазылар алқасы бірінші орынды педагог Махамбетқали Ноғаевқа, ал екінші орынды оның оқушысы Оразғали Сағитжанға берді. Жерлестіріміз «халық әні» аталымы бойынша да алдыларына жан салмады. Сөйтіп, педагог Бақыткүл Қуандық бірінші орынды, ал оның оқушысы Руслан Көктесін үшінші орынды жеңіп алды. Орындаушылық жағынан Інжумаржан Нұрслан мен Анастасия Сторожевалар көрермендердің ықыласына бөленіп, 3-ші дәрежелі диплом алды. Флейтада ойнаған Нұргүл Башанова да осындай марапатқа ие болды. Домбырашылар дуеті Оразғали Сағитжан мен Дәурен Дощанов бірінші орынды жеңіп алып, әншілер Балмұхан Берекет пен Қазына Жұманиязова үшінші орынды алып, домбырашылардың ұстазы Азиза Исаева екінші орынға қол жеткізді. Қобызшылар Дильназ Мұқашева мен Нұршат Бисембаева екінші орынға қол жеткізді.
К.Медетов атындағы өнер мектебінің оркестрі қазақ халық ұлт аспаптарында «Алтынай» күйі мен Шуберттің «Серенадасын» ойнап, залды дүр сілкіндірді десе болады. Оркестр үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Біздің халық аспаптарымыздың үні мен өнерпаздардың қазақша киім үлгілері қалың көпшілікті баурап алды десе болады. Ал біз болсақ, музыка өнерін одан сайын тани түстік»,-дейді К.Медетов атындағы өнер мектебі оркестрінің жетекшісі Жанар Ілиясова.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы -
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті -
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады