- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті
Астанада Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті
Шараға Қазақстан Парламенті мен Ресей Думасының депутаттары, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының, академиялық қауымдастық, жастар ұйымдарының өкілдері мен Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары мен белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Онда Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев сөз сөйледі.
Жиынға қатысушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы мықты, саяси жағынан тұрақты мемлекет ретінде дамығандығын айтты.
Сарапшылардың пікірлерінше, бүгінде қазақстандық экономиканың тіреуі мықты. Бұған бірінші кезекте «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі мен шағын және орта бизнеске деген қолдау негіз болып отыр.
Бүтіндей алғанда, жиынға қатысушылар бірауыздан «Қазақстан-2050» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру экономиканың даму қарқынын тоқтатпай, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретіндігін айтты.
Іс-шара «Қазақстанның азаматтық альянсы», «Еуразия Мониторинг» талдамалы зерттеулер орталығы (Қазақстан), Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» саяси орталығы, Еуразиялық зерттеулер институты (Ресей) тарапынан бірлескен түрде ұйымдастырылды және аталмыш шараға «Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» қолдау көрсетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция