- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 135 мың адам ШОБ саласында жұмыс істейді
Ақтөбе облысында 135 мың адам ШОБ саласында жұмыс істейді
«Қазір аймақта 135 мыңға тарта адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасап жатыр. Егер облыс халқының 434 мыңы экономикалық белсенді болса, оның 30 пайызы осы салада еңбек етіп жүр. Әлемдік мұнай бағасының өзгеруі бұл саладағы өнім көлемінің өсуіне де елеулі әсер етті», - делінген хабарламада.
Аймақта шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан бюджетке салық түсімі — шамамен 108 миллиард теңге. 2013 жылмен салыстырғанда, былтыр шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық мөлшері 7 пайызға өсті.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша облыс шамамен 12 миллиард теңгені игерді. Осы бағдарламаның нәтижесінде аймақта 430-ға тарта кәсіпкерге көмек көрсетілді. Мәселен, сыйақы ставкасын субсидиялау негізінде шамамен 50 миллиард теңге көлеміндегі несие 20-ға тарта кәсіпкерге берілді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 3 миллиард теңге мөлшерінде кепілдендірілген несие алуға жағдай жасалды. Осы бағдарлама арқылы аймақтағы 82 нысан жалпы сомасы 5,2 миллиард теңгеге инфрақұрылыммен жабдықталды. Сонымен қатар, қазір облыста индустриалды аймақ құрылуда.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының тиімділігін, атап айтқанда, бұл бағдарлама арқылы аймақта 1000-ға жуық кәсіпкерге жалпы сомасы 1 миллиард 400 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілгенін айтты.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді