- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады
Кездесуде С.Ахметов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары, сондай-ақ өңірлердегі жиын-терін науқанының барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті бұл мәселе таяу уақытта өтеді деп жоспарланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында да талқыланатынын атап өтті.
«Міндет – жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтау. Бұл әсіресе әлемде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарды ескергенде өте маңызды. Қысқы маусымға лайықты дайындықты қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жылын табысты аяқтап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қарастыру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
С.Ахметов 9 ай ішінде 5,7 пайызды құраған жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы хабардар етті.
«Инфляция биылғы жылы болжамды күйінде тұр. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 6 пайыз деңгейінде болады деп отырмыз. Астық жинау науқанының аяқталуына қатысты айтсақ, жауын-шашынға байланысты Ақмола облысында ғана жиын-терін жұмысы аздап тоқтап қалды. Жалпы, бүгінде бункерлік салмағы 18,5 миллион тонна астық жинап алынды. Аптаның соңына дейін өңірлер жиын-терінді аяқтайды. Нәтижесінде биыл бункерлік салмағы 20 миллион тонна шамасында астық жиналып алынатын болады», – деп мәлімдеді Премьер-Министр.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді