• Басты
  • ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымнан тағы 153 байқаушыны аккредиттеді
30 Наурыз, 2015 14:31

ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымнан тағы 153 байқаушыны аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
ОСК ҚР  Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымнан тағы 153 байқаушыны аккредиттеді

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша екі шет мемлекет пен екі халықаралық ұйымнан 153 байқаушыны аккредиттеді.

«Олардың 144-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі – ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясынан, сондай-ақ үш байқаушы – Грек Республикасынан және біреуі Германия Федеративтік Республикасынан», - делінген хабарламада.

Осылайша, 2015 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД мен ШЫҰ) мен 19 шет мемлекеттен 236 байқаушыны аккредиттеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды