- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етеді - депутат
Қазақстанда бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етеді - депутат
«Нұр Отан» партиясының XI сьезінде Мемлекет басшысы туризм саласы бойынша жаңа бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты. Бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру тұрғындарды, әсіресе ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда ішкі туризм еліміздің кірісінің 3 пайызын ғана құрайды. Әлемнің дамыған деген мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 20-30 пайыз деңгейінде. Сол себепті туризмнің инфрақұрылымын жетілдіріп, осы бағыттағы құқық нормаларын дамыту керек, туризм өнімінің бағасы көрсетілетін қызметтің сапасымен сәйкес келуі керек»,-деді Е.Тарасенко.
Депутаттың пікірінше, аталған мәселелерді шешіп, туризм саласының дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет.
Депутат туризм саласының дамуы көлік, байланыс, агрокешен сияқты барлығы 32 саланың дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.
«Туризм қызметі ұлт экономикасының құрамдас бөлігі және оған қатысты мәселелерді шешу жұмыстары жүйелі әрі кешенді түрде жүргізілуі керек. Туризм Қазақстанның бет-бейнесіне айналуы керек. «Нұрлы жол» бағдарламасы жаңа экономикалық саясатының инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бағыты Қазақстандағы туризм саласының дамуына ықпал етеді»,-деп есептейді Мәжіліс депутаты.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды