- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО аясында қазақстандық тауарларды өткізу үшін «жасыл дәліз» әдісі қолданылады
ЕАЭО аясында қазақстандық тауарларды өткізу үшін «жасыл дәліз» әдісі қолданылады
«Кедендік декларациялар мен кедендік операцияларды жеңілдету мақсатында биылғы жылы тікелей бақылау тетігі мен тауарды шекарадан өткізу мен саудалауға дейінгі бақылау жүйесін енгізу арқылы «жасыл дәліз» тәсілін қолдану жоспарланып отыр. Яғни қазақстандық компаниялар үшін автоматты түрде өткізу тәсілі қолданылатын болады. Сонымен қатар, инвестор-компаниялар үшін «жалғыз тереза» арқылы жеңілдетілген кедендік рәсімдеулер енгізіледі»,-деді Д.Мамашева.
Бұған қоса, кедендік рәсімдеу департаменті директорының айтуынша, өкілетті экономикалық оператор институты арқылы жұмысы таза кәсіпкерлерді ынталандыру бағытындағы жұмыстар да жалғасады. «Өкілетті операторлардың жұмысына деген талап қатайтылуда. Осыған қарай бүгінгі таңда аталмыш қызметке тексеру жұмыстары жүргізілуде», -деп қосты дептармамент басшысы.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында үш тараптың сарапшы мамандары бизнес өкілдерінің белсенді қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін дайындады.
Құжат 9 бөлім мен 4 қосымшадан тұрады. Кеден мәселесіне қатысты қазіргі қолданыстағы 22 келісімдердің 16-ы Кедендік кодекске енгізілді.
Камила Амирова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі