• Басты
  • Павлодар облысының биылғы жылға болжанған егістік алаңы 1 169,8 мың га құрамақ
30 Наурыз, 2015 11:54

Павлодар облысының биылғы жылға болжанған егістік алаңы 1 169,8 мың га құрамақ

Павлодар облысында көктемгі-дала жұмыстарына дайындық барысы және туристік кластердің мастер-жоспары сияқты екі мәселе талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар облысының биылғы жылға болжанған егістік алаңы 1 169,8 мың га құрамақ

Бірінші мәселе бойынша облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Айткенов баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы болжанған егістік алаңы 1 169,8 мың гектарды құрамақ. Дәнді дақылдар - 683,3 мың га, майлы дақылдар – 164,1 мың га, жемшөп дақылдары – 298,2 мың га, картоп – 16,6 мың га, көкөністер – 6,3 мың га, бақша дақылдары – 1,7 мың га жерге егілмек.

Ағымдағы жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын кредиттеуге «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелері 1,16 млрд. теңгеге жеңілдіктер қарастырған. Өсімдік шаруашылығын қолдауға 2578,4 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға артық сома.

Сонымен қатар отандық өндірістің минералды тыңайтқыштары мен гербицидтерінің құнын 50 пайызға дейін және шетелдік өндірістің минералды тыңайтқыштары мен гербицидтерінің құнын 30 пайызға дейін қаржылау арқылы жеңілдіктер беріледі.

Биылғы көктемгі-дала жұмыстарына 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Өңірдің Ақтоғай мен Лебяжі аудандарында жанар-жағар майды тасып алу көрсеткіші төмен. Басқа аудандар жанар-жағар майды уақытында тасымалдап алған.   

Дала жұмыстарына машина-трактор паркінің дайындығы 93 пайызды құрайды. Облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілері техниканы жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері 247,4 млн. теңге сомаға техниканың 20 бірлігі сатып алынды.

Диқандар мен фермерлердің тұқыммен қамтамасыз ету жұмысы өз деңгейінде атқарылуда. Железин ауданы қажетті тұқымды әзірлеу жұмысын аяқтап қалған. Облыс бойынша дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымымен қамтамасыз ету 129%, майлы дақылдар – 79%, картоп – 110%, жемшөп – 51,3% құрап отыр.

Қазгидрометтің деректері бойынша биыл жерге сіңген ылғал көлемі нормаға сай. Өңірдің Железин, Ертіс және Успен аудандарында егіс алқабындағы ылғал мол. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік бермек.    

Биылғы жылы ылғал сақтау технологиялары қолданылған егіс алқаптары 360,0 мың гектар болмақ.

Бірінші мәселені қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді: қалалар мен аудандар әкімдері ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, егістік алқаптарды әртараптандыру туралы меморандумды орындауды қамтамасыз ету; көктемгі-егістік жұмыстарды өткізуге ауыл шаруашылығы техникасын дайындау толық аяқтау, «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұсынған дақылдарды егудің оңтайлы мерзімінде көктемгі-егістік жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу шараларын қабылдау, бекітілген кестеге сәйкес арзандатылған жанар-жағармайды уақытында іріктеуді қамтамасыз ету.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды