Оралда Ұлттық экспорттық стратегия жобасы таныстырылды

8 Қазан, 2013 12:36
Оралда «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестиция Ұлттық агенттігінің мамандары 2020 жылға дейін Ұлттық экспорттық стратегия жоспарын таныстырды, деп БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада нақтыланғандай, стратегияның мақсаты экспорттық өндірісте бәсекелестікті  тудыру мен қазақстандық шикізат экспортын тасымалдау болып табылады.

Аталмыш жүйе отандық шикізат экспортын дамыту үшін әр түрлі даму институтының  қолдауымен жүзеге асырылды. Сондықтан, аталмыш стратегия  үрдістің барлық қатысушыларын біріктіруді көздейді.

«Шетелдік сауда кәсіпкерлі жүйесін құру экономикалық жүйені құруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың жүйелік қолдауы сараптамалық көмек көрсетуге бағытталған. Ақпараттық қамсыздандыру бірыңғай ұлттық интерент-ресурсын құру жоспарланып отыр», - деп KAZNEXINVEST экспорттық стратегия департаментінің жетекші маманы Әнуар Керембаев атап өтті.
 

 

 

Барлық жаңалықтар