- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының 2015 жылғы нақтыланған бюджеті 112 млрд теңгені құрады
Павлодар облысының 2015 жылғы нақтыланған бюджеті 112 млрд теңгені құрады
Облыстағы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Талғат Шәріповтың мәліметінше, биылғы жылы республикалық бюджет шығындарының 22,7 млрд теңгеге оңтайландырылуына байланысты облыстық бюджетке түсетін трансферттер мен несиелер көлемі қысқартылды.
«Бұл қаражаттың 1,4 млрд теңгесі балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жоспарланған болатын. 200 млн колледждердің зертханалары мен шеберханаларын жаңартуға, ал 684 млн медициналық ұйымдарды жабдықтауға жұмсалуы тиіс еді. Сонымен қатар 1,7 млрд теңге шағын қалаларды абаттандыруға, ал 748 млн теңге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруге жұмсалуы қажет болатын. Өңірдегі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны арттыру мерзімін 2016 жылға шегерудің арқасында 230 млн теңге үнемделді», - дейді Т. Шәріпов.
Басқарма басшысының айтуынша, Павлодар облысының бюджетіне «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат шеңберінде республиканың ұлттық қорынан 6,4 млрд теңге аударылмақ. 240 млн теңге Ақсу қаласындағы 280 орынға шақталған балабақша құрылысына, 1,6 млрд теңге Павлодар қаласында тұрғын үй саласын дамытуға, 3,2 млрд теңге Екібастұз қаласындағы жылу және сумен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. 781,9 млн теңге аймақтағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысқа бағытталса, 600 млн теңге мал ашурашылығын дамытуға бөлінбек.
«Енгізілген өзгерістерді есептегенде 2015 жылғы нақтыланған бюджеті 112 млрд теңгені құрады. Олардың қатарында республикалық бюджеттен облыстық бюджетке түсетін мақсатты трансферттер мен несиелер 44,5 млрд теңгеге тең», - деп сөзін түйіндеді Т. Шәріпов.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі