- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП ҚР Президентінің «Алтын сапа» байқауының ұйымдастырылатындығын хабарлайды
ҚР ҰКП ҚР Президентінің «Алтын сапа» байқауының ұйымдастырылатындығын хабарлайды
Биылғы жылы жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Өндіріс бағытындағы үздік кәсіпорын, «Тұрғындарға арнап өнім өндіретін үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша таңдап алынады, делінген ұлттық палатаның хабарламасында.
Президенттің «Алтын, сапа» сыйлығы кәсіпорындардың өндіретін өнімі мен көрсететін қызметінің сапасының жоғарылығы үшін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сапа менеджментінің тиімділігі жоғары тәсілдерін сәтті қолданғаны үшін беріледі.
Төмендегі талаптар негізінде әрбір аталым бойынша 2 сыйлықтан беріледі. Олар: ірі кәсіпкерлік субьектісі, орта кәсіпкерлік субьектісі және шағын кәсіпкерлік субьектісі.
Байқауға қатысу үшін 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін өтініш беру керек.
Осы жылдан бастап, ҰКП-ы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушысы болады.
Олар:
"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"
"Халық тұтынатын үздік тауарлар"
"Үздік азық-түлік тауарлары" атты үш аталым бойынша жүргізіледі.
Оған жекелеген кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Ол үшін мынадай талаптар қойылады. Байқауға қатысушылар өзінің өнімін Қазақстан аймағында өндіретін болуы керек. Қару-жарақ өндірушілері байқауға қатыса алмайды. Екіншіден қатысушылар өнімнің жоғары сапасын тұрақты қамтамасыз етіп, оны жүйелі түрде жетілдіріп отыратын болуы керек және оны байқауды ұйымдастырушылар растаулары керек.
Жеңімпаздар «Қазақстанның үздік тауары» наградасы мен I, II, III дәрежелі дипломдармен наградталатын болады.
Байқаудың дипломанттары байқаудың белгісін «эмблема» үш жыл көлемінде жарнамалық мақсатта пайдалана алады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары