- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы тексерілді (Фото)
Қарағандыда әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы тексерілді (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 2015 жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу тәртібі өзгертіліп, ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелері аталған жұмыстардан босатылды. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері көрсететін қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына енгізу, беру жұмыстары жалғасуда. Әскери қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбетін қалыптастыруға да көңіл бөлініп отыр.
Ең маңыздысы олардың әрбірі сыбайлас жемқорлық орын алғанда төзбеушілік танытып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанда тартатын барлық жауапкершілікті сезінуі керек. Сол себепті әскери қызметшілердің «Ар-намыс кодексі» әзірленгенін айта кеткен жөн.
Бұл кодекс әскери қызметшілердің қызметінде мінез-құлқты бағдарлауға қызмет етеді және сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы әрекетте маңызды орынға ие. Осы іс-шаралар аясында Қарағанды гарнизонында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарайтын әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуі және оны орындауы тексерілді.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров сыбайлас жемқорлықтың орын алуын тоқтатуда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі ҚР Қорғаныс министрлігі көшпелі комиссиясының отырысын өткізе отырып, уақтылы кадрлық шешімдер қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар офицерлік құрамның аттестациясын әділетті және жария түрде өтуін қамтамасыз ету, аттестацияда олардың бірінші ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуі және оны сақтауы, офицерлердің әрбірінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жеке үлестерін қосуы есепке алынатыны да атап өтілді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет