• Басты
  • «Сенің даусың – сенің болашағың» атты постерлар байқауына 79 еңбек келіп түсті
28 Наурыз, 2015 22:18

«Сенің даусың – сенің болашағың» атты постерлар байқауына 79 еңбек келіп түсті

Алда өтетін президенттік сайлауға арналған «Сенің даусың-сенің болашағың» байқауына шығармашылық жұмыстарды қабылдаулар жалғасуда.
«Сенің даусың – сенің болашағың»  атты постерлар байқауына  79 еңбек келіп түсті

Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан 79 жұмыс қабылданды. Байқауға қатысушылардың көбісі 26-сәуірде өтетін саяси маңызы бар науқанға алғаш рет қатысатын жастар.

Еске сала кетейік, ғаламтор желісі арқылы өтіп жатқан аталмыш байқау 17-наурыз күні басталып, 20-сәуірге дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылар өз алдарына 2015 жылы өтетін президенттік сайлауға сайлаушылардың белсенділігін арттыру мен азаматтық қоғамның бірегей құқықтық санасын қалыптастыруды мақсат етіп қойған.

Қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков: «Плакаттың тілі қолжетімді және қарапайым. Бейнелеу өнеріне бей-жай қарамайтын қағаз бетіне бір нәрсені сызып, салып жүрген азаматтар бірінші кезекте оған өз ойында жүрген затты салады. Бұл байқауға кез келген азамат қатыса алады. Президент сайлауы – халық пен мемлекеттің болашағы. Бұл тақырыпта әр адам өз ойын білдіре алады. Ал байқауға еліміздің әр аймағында мекен ететін азамат қатыса алады».

Байқауға отандық шоу-бизнес өкілдері қолдау танытты. Олардың қатарында Нұрлан Албан, Мұрат Мұтурғанов, Әли Оқапов, «Ringo» тобы, Сабина Алтынбекова, Мақпал Исабекова.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар «EL.kz» арнайы парағына жүктелуі тиіс. Қазіргі таңда 190 мың қолданушылар тіркелген. Бұл күн сайын жаңа ой, жаңа сурет және жаңа талдамалы жұмыстар түсіп жатқандығының бейнесі.

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды