- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов Алматыдағы «Белкамит» кәсіпорны мен балалар емханасында болды
ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов Алматыдағы «Белкамит» кәсіпорны мен балалар емханасында болды
Кездесу кезінде кандидат қалың көпшілікті өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды және ондағы басым бағыттардың бірі экологиямен байланысты болып отыр.
Ә.Құсайыновтың сөзінше, бүгінгі таңда адамзат баласының басындағы ең өзекті мәселелердің бірі жердегі климаттың өзгеруі, әуе бассейндерінің ластануы озон қабатының бұзылуы, тұщы судың сарқылуы болып отыр. Осы мәселелерді кешіктірмей шешу адамзат басындағы басты міндеттердің бірі, бұл біздің әрі қарай өмір сүруіміздің және сәтті дамуымыздың кепілі болмақ.
А.Құсайыновтың пайымдауынша, XX ғасырдың жартысы мен XI ғасырдың басы бұрын соңды болмаған экономикалық өсімнің уақыты. Алайда, қарқынды экономикалық даму, қоршаған ортаның мүмкіндігін есепке алмастан, оған қаншалықты күш түсіп жатқандығын ескерместен жүргізілуде. Нәтижесінде қоршаған орта тозып барады.
Табиғатты есепсіз пайдалану, табиғи ортаның зиянды қалдықтармен ластануы, геннің және биологиялық әралуандылықтың бұзылуы қоршаған ортаның құрып, адамзат өмір сүріп жатқан ортаны тоқырауға ұшыратуда.
Қоршаған ортаның бұзылуының мысалы ретінде Ә.Құсайынов жер ресурстарының азып бара жатқандығын келтірді.
Қоршаған орта мен жердің тозып кетуінің салдарынан жыл сайын әлемдік ауыл шаруашылығының айналымынан 7 миллион гектарға жуық құнарлы жерлер жарамсыз болып қалуда. Бұның басты себебі урбанизацияның өсуі, су және жел эрозиясы, сондайақ химиялық және физикалық тоқырау.
Ә.Құсайыновтың пайымынша, атмосфераның әсіресе шаң-тозаң мен газтектес, отын, құрылыс және жермен байланысты және өзге де жағдайлармен ластануы дабыл қағарлықтай жағдайда. Қоршаған ортаның басты проблемаларының бірі ретінде кандидат биологиялық әралуандылықтың азаюын атап өтті.
Ә.Құсайыновтың пікірінше, адамзат бүгінде планетаның экологиялық жағдайын басқаруға толық мүмкіндігі бар.
«Экологиялық тепе теңдікті сақтаудың бірінші қадамы ретінде Ә.Құсайынов Жер сағаты акциясына қатысу екендігін айтты. Аталмыш акция наруыздың 28-і күні болады және сол уақытта әлем бойынша электр қуатының жеке көздері бір уақытта бір сағатқа тоқтатылады. Бұл өте үлкен мөлшерде электр энергиясын үнемдеп, табиғатты адамдардың күнделікті өмірдегі тіршілікте қолданатын шаруашылық қызметінің зиянынан сақтандырады. Біздің командамыз аталмыш акцияға қатысуға даыйын», деді Ә.Құсайынов.
Сонымен қатар, «Белкамит» ЖШС-і мен балалар емханасының ұжымымен болған кездесуде Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйледі.
Ол республикалық штабтың жұмысын ұйымдастыру шаралары жөнінде баяндап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Оның сөзінше, алдын ала белгіленген жоспарға сай Ә.Құсайынов енді Қостанай қаласында болады.
Ол сонымен қатар жоспарда Қазақстанның бірқатар аймақтарын аралау бар екендігін, онда жергілікті сайлаушылармен кездесіп, сайлауалды жоспармен бөлісетіндіктерін жеткізді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды