- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов ЕҰУ-нің студенттерімен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов ЕҰУ-нің студенттерімен кездесті
«Бүгін батыстық құндылықтарда рухани дүниелер жоқтың қасы, олардің тыныс тіршілігі әдептіліктен ада, жеңіл пайдаға негізделген. Батыс елдерінде қарабас қамын ғана ойлау бірінші орынға шығып, өмірдің қалыпты жағдайына айналды. Осының барлығы да сүреңсіз статистикалардың өсуіне алып келіп отыр. Айталық батыста қазір жалғызбасты қарттардың саны артып келеді, ал туу көрсеткіші керісінше кеми түсуде», -деді өзінің сөзінде Т.Сыздықов.
Сондайақ ол сөзінде қалың көпшіліктің назарын елімізге кері әсерін тигізіп отырған, жалғандыққа негізделген батыстың мәдениетіне аударды.
«Батыстық кинематографияда өзінің мазмұны жағынан елімізді құрдымға апаратын жәйттер дәріптеледі. Онда жоғалған құндылықтардың орны уайым, қайғысыз, алайда бүкіл мән-мағынасын жоғалтқан, адамгершіліктен ада өмірмен алмастырылады. Голливудтық туындылар көздеген мақсатыңа барлық құндылықтарды аяққа таптап, шектен тыс әрекеттерге бару арқылы да жетуге болатындығын, өзімбілермендікті насихаттайды. Ал кинодағы шектен тыс аюандық пен қатыгездік идеал деңгейіне дейін жеткізіліп, өмірді істеген ісіңе жауап бермей алаңсыз өмір сүре беруге болады дегенге саяды. Барлық батыстық фильмдер өмірге тек пайдакүнемдікпен қарауға итермелейді. Яғни адам өмірден өзінің жайлы өмір сүруі үшін қажеттінің барлығын ала беру керек, ал рухани дүниеге онда орын жоқ. Барлығы материалдық құндылыққа негізделеді»,- деді ол.
Сонымен қатар, Т.Сыздықов батыстық үлгіде тамақтанудың да теріс ықпалы бар екендігін айтты.
«Бір қарағанда, фаст-фуд дегеніңіз өте ыңғайлы әрі үнемді. Бірақ бізге осылай тамақтанудың зияны қаншалықты деген мағынада ойланатын уақыт жетті. Фаст-фудты сатуға құрылған бизнес оның иелеріне сапасы төмен өнімдерді пайдаланудың есебінен үлкен табыс әкеледі. Мұндай зиянды тағамға үлкен жарнама жасалып, тұрғындарды оны сатып алуға мәжбүрлейді», -дедіТ.Сыздықов.
Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров та сөз сөйледі. Ол Т.Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында көтерілген мәселелердің барлығы жан –жақты зерделенгенін айтты. «Бүгін біз өте нәтижелі кездесу өткіздік. Т.Сыздықов батыс құндылықтары мен стандарттарының зияны жөнінде дұрыс мәселе көтеріп отыр. Біз әлі Қазақстанның көптеген аймақтарында кездесулер өткізіп, компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілердің зияндығы жөнінде де мәселе көтереміз»,-деді А.Қоңыров.
Сөзінің соңында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов өзінің сайлауалды жұмыс науқанына қатысты студенттер тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы