- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК ҚР Президенттік сайлауына тағы 48 шетелдік байқаушыны тіркеді
ОСК ҚР Президенттік сайлауына тағы 48 шетелдік байқаушыны тіркеді
«2015 жылғы 28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Аталған қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен тоғыз шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 48 байқаушыны тіркеді»,-делінген ОСК хабарламасында.
Олардың төртеуі – Норвегия Корольдігінен, Австрия мен Сербия республикаларынан 3 азаматтан, Болгария мен Литва республикаларынан 2 азаматтан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Венгрия, Латвия және Словакия Республикаларынан 1 байқаушыдан, сонымен қатар 18 мемлекеттен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 30 байқаушысы тіркелді.
Осылайша, 2015 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы халықаралық ұйымдардың екі миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) мен 18 шет мемлекеттен 83 байқаушыны тіркеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін тіркеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеуді ОСК 2015 жылдың 20-шы сәуіріне дейін жалғастырады.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар