- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) жетекшісімен келіссөздер жүргізді
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) жетекшісімен келіссөздер жүргізді
Облыс әкімдігінің мәліметтерінше, кездесу барысында Төретам мен Ақай ауылдарын кеңейту үшін берілген 25 мың гектар жерді жалға берілген жердің тізімінен шығару мәселесі талқыланды. Кәсіпкерлікті дамыту, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасының инфрақұрылым нысандарын салу мақсатында Қазақстанға белгіленген жер аймақтарын қайтару жөнінде алдын ала келісім жасалды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының 60 жылдығы (2-ші маусым) мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеудің алдында арнайы іс-шаралар жоспары ұсынылды. Онда Байқоңырдағы жалпы білім беру орындарында ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың «Байқоңыр» ғарыш айлағының ардагерлері мен ғарыш саласы мамандарымен кездесулерін ұйымдастыру, ғарыш саласының мамандарын мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну, спорттық жарыстар өткізу сияқты бірқатаріс-шаралар қарастырылған.
Қызылорда облысында туризмді дамыту бағытында зымырантасығыштардың ұшу сәтін көруге арналған алаң салу, «Крайний» әуежайын күрделі жөндеуден өткізу, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін қонақтарға жеңілдетілген режиммен жүріп тұруға мүмкіндік беретін туристік жолдамалар жиынтығын жасау сияқты сияқты мәселелер төңірегінде ұсыныстар енгізілді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі