• Басты
  • Қазақстанның Австриядағы елшілгі Венада «Наурыз» мерекесін ұйымдастырды
28 Наурыз, 2015 11:16

Қазақстанның Австриядағы елшілгі Венада «Наурыз» мерекесін ұйымдастырды

Қазақстанның Австриядағы Елшілігі - Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Наурыз» мейрамын атап өтті. Мерекеге орай, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған қонақасы ұйымдастырылды.
Қазақстанның Австриядағы елшілгі Венада «Наурыз» мерекесін ұйымдастырды

Мерекелік іс-шараға Австрия сыртқы саяси мекемесінің және дипломатиялық корпусының өкілдері, Вена қаласында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, Австрияда оқып жатқан қазақстандық студенттер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Қазақстанның Австриядағы елшісі – Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай қонақтар алдында сөз сөйлеп, жоғарғы деңгейдегі достастық қатынастың арқасында мүмкін болған Қазақстан-Австрия байланыстарының серпінді дамуын, Қазақстан мен Австрия астаналарында орналасқан халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдастығының жоғарғы деңгейін атап өтті.

Қазақстан Орталық Азия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің генераторы, халықаралық қоғамдастықтың ғаламдық бейбітшілікті нығайтудағы сенімді әріптесі ретінде танылады деп атап өтілді. Осының негізінде Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өзінің үміткерлігін жариялады.

Мереке шеңберінде «Қазақстан інжулері - дала сарыны» жобасының дебюттік концерті өтті. «Қазақстан інжулері» жобасының басты мақсаты - бай қазақстандық мәдениетті Австрияда таныту болып табылады. Аталған жобаны жүзеге асыруда австриялық музыкалық оқу орындарында дәріс алып жатқан және Австрияның сахналарында өнер көрсетіп жүрген жас талантты музыканттар мен Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері қатысты. «Қазақстан інжулері» шеңберінде Вена қаласында Тәуелсіздік күнінің қарсаңында веналық беделді «Концертхауста» өткізілетін гала-концертті қоса алғанда тағы да үш концерт жоспарланған.

Концерт қонақтары Австрия мен Қазақстан мәдени ынтымақтастығы екі ел арасын жалғайтын көпір қызметін атқарады деген пікірлерін білдірді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды