Таразда жаңа «Тараз-Арена» спорт Сарайы қолданысқа берілді

8 Қазан, 2013 12:23
Таразда жаңа «Тараз-Арена» спорт Сарайы қолданысқа берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мұндай спорт орны бізде бүгінге дейін болған емес, енді «Тараз-Арена» аймақтағы бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосады деп үміттенемін», - деді облыстың дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.

Хабарламада айтылғандай, «Тараз-Арена» облыс орталығы халқының спорттың 18 түрімен айналысуына мүмкіндік береді. Ғимаратта жалпы физикалық және атлетикалық дайындық залдары, спорттық-бал биі, волейбол, баскетбол, мини-футбол, теннис, спортты бассейнмен шұғылдануға болады.

2 мың жанкүйерге арналған трибунасы бар 13 зал бар. Жүзумен айналысатын адамдарға 50 де 25 метрлік бассейндер жұмыс істейді. Боксшыларға арналған екі ринг бар.

Ғимарат жанында футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары салынған.

 

Барлық жаңалықтар