- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы 80-нен астам этностардың достығы мен тату тіршілігінің бесігіне айналды-Н.Назарбаев
Жамбыл облысы 80-нен астам этностардың достығы мен тату тіршілігінің бесігіне айналды-Н.Назарбаев
Мемлекет басшысы өз сөзінде Жамбыл облысы бүгінде 80-нен астам этностың достығы мен тату тіршілігінің бесігіне айналғанын атап өтті.
– Екі мың жылдан астам уақыттан бері жасап келе жатқан Тараз қаласы еліміздің тарихи орталығының бірі болып саналады. Облыс пен қаланың тарихи орындары ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Осынау қасиетті жерде біз күзде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл – бірлігіміз бен берекемізді паш ететін маңызды шара, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына да назар аударды.
– Мен ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Жаңа индустрияландыру аясында 116 миллиард теңгенің 33 жобасы іске қосылды. Құны шамамен 600 миллиард теңге болатын тағы 23 жобаны іске қосу кезек күтіп тұр. Соның ішінде «Тараз Химпарк» арнайы экономикалық аймағының базасында химия кластерін, каустикалық сода мен хлор өндірісін жолға қою, Ақбақай алтын өндіру комбинатын жаңғырту шаралары бар. Жалпы, осы нысандардың барлығында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болады, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті өңірде туризм саласы жақсы дамып келе жатқанына тоқталды.
– Үш ірі туристік нысанның – «Көксай» тау шаңғысы базасының, «Тау самалы» және «Киіз үй отелі» кешенінің құрылыстары жүріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы барша Қазақстан халқының күш-жігері арқасында татулық пен тыныштық ХХІ ғасырдағы ел дамуының іргетасына айналғанын атап өтті.
– Биыл мен Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған бес халықтық реформаны жүзеге асыру бастамасын көтердім. Біз заманауи мемлекеттік қызметті, әділетті сотты, жаңа индустрияны, болашағы біртұтас ұлтты және есеп беруші мемлекетті қалыптастырып жатырмыз. Осының бәрін біз азаматтарымыз үшін, еңбек адамдары үшін жасап келеміз, – деді Мемлекет басшысы.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді