- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне үміткер Ә.Құсайынов Алматыда кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өткізді
ҚР Президенттігіне үміткер Ә.Құсайынов Алматыда кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өткізді
Алғашқы кезесу «ОБИС» Компания» ЖШС-сында өтті. Ә.Құсайынов экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін көтерді.
«Бүгінде ғаламшарды айналған озон қабатының бұзылуы, Әлем мұхиттарындағы судың ластануы, жердің ласнауы, топырақтың құнарсыздануы, биологиялық тіршіліктің азуы және т.б. мәселелер өзекті болып табылады.Қазіргі уақытта экология биологияның шеңберінен шығып, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналды.
Экология «адам – табиғат» проблемасын зерттеуде күрделі әрі ұзақ жолдан өтті.
Адам мен Табиғат арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Адамға сана берілді, сол арқылы ол табиғатта алатын орнын айқындап, Жер жүзінде өз жаратылысының мәнін түсінуге мүмкіндік алды.
Қазірде экологияны «адамзаттың жеке үйі» – биосфера туралы, оның ерекшеліктері, адаммен қарым-қатынасы және байланысы, ал адамның жалпы қоғаммен байланысы туралы ғылым деп те атап жүр.
Биология шеңберіндегі дербессіз пәннен экология кешенді пәнаралық ғылымға – айқын дүниетанымдық мазмұны бар заманауи экологияға айналды.
Бүгінгі күні экология тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысы туралы биологиялық ғылым деген бастапқы түсінігінен алшақ бірнеше ғылыми салаларға және пәндерге бөлінеді.
Қазіргі заманғы экология тек биологияның ғана емес, жалпы жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен дараланып шықты.
«Заманауи экологияның идеялары мен принциптері дүниетанымдық мазмұнға ие, соның негізінде экология адамзат және мәдениет туралы ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ философиямен де тығыз байланыста. Жүз жылдан астам тарихы бар ғылымның осыншалықты өзгеріске ұшырауына қарап, заманауи экология серпінді дамушы ғылым деген қорытынды жасауға болады», - деді Ә.Құсайынов.
Жалпы алғанда, жұмысшылар арасындағы кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар