- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қарағандыға келді
ҚР Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қарағандыға келді
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Партиоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков және басқа да танымал қазақстандықтар бар.
Қарағандыда аймақ активтерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ шахтерлерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Қарағандылықтар ҮИИДМБ үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдірді. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтың қоғам қайраткері Татьяна Савицкая қазақстандық әйелдер қауымы атынан елімізде орнаған бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығын жеткізді.
Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі атап өткендей, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ұлы өзгерістерге қарай қадам басқалы тұр.
Халық мемлекетімізді мықты көшбасшы басқарғанын қалайды. Сол себепті Орталық Қазақстанның тұрғындары бірауыздан 2015 жылы 26 сәуірде республикамыздың гүлденуі үшін, яғни, Нұрсұлтан Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлім етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады