Маңғыстауда 2015 жылы «Бейнеу-Шалқар» автожолының құрылысы басталады

8 Қазан, 2013 12:21
2015 жылы Маңғыстауда «Бейнеу-Шалқар» автожолының құрылысы басталады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«2015 жылы Орталық-Батыс бағытының дамуы жобасы аясында жалпы ұзындығы 500 км, оның 120 км-і Маңғыстау облысы арқылы өтетін Бейнеу-Шалқар автожолының құрылысы басталмақ. Аталмыш жол халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиті дәлізіне шығуға мүмкіндік бермек. Ал «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің биылғы жылға жоспарланған 806 км-дің 698 км-і жөндеуден өткен», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2015 жылы Ақтау қаласында автовокзал мен облыстың 4 аудан орталығында автостанциялармен 27 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті мен 22 такси тұрағын салу жоспарланған.

Республика бойынша 2020 жылға дейін 10 автовокзал, 50 автостанция, 216 жолаушыларға қызметкөрсететін бекет пен мыңның үстінде такси тұрақтары салынбақ.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар