- Басты
- Жаңалықтар
- Жастар «Нұрлы Жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсаттарын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреді – Жұмабаев
Жастар «Нұрлы Жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсаттарын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреді – Жұмабаев
Іс-шараға «Жас Отан» ЖҚ облыстық кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының басшылары, аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады облыстық филиалда.
Конференцияда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы талқыланып, «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III Съезіне делегаттар сайланды.
«Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар Отанға!» бағдарламасы жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайтын құжат деп есептеймін», - деді «Жас Отан» ЖҚ облыстық кеңесінің мүшесі, «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамдық қорының төрағасы Александр Водолацкий.
Бағдарлама аясында жастарға қызығушылықтары бойынша үйірмелер, аула клубтары және тағы басқаларды пайдалана отырып, тұлғаның барлық сипаттағы қабілеттерін анықтау мүмкіндік береді.
«Біз Қазақстанның жас және еркін азаматтары «Нұр Отан» партиясымен бірге өз қуатымыз бен білімімізді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдырамыз. Біз «Нұрлы Жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсатымызды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреміз», - деді Шымкент қалалық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрдаулет Жұмабаев.
Тарихи дамудың 15 жылы ішінде біз еріктілер қозғалысынан толыққанды ұйымға дейінгі жолдан өтіп, Елбасының Мемлекеттік бағдарын жақтаушы жастар коалициясының негізіне айналдық.
Бүгінде «Жас Отан» еліміздің барлық аймақтарында жастармен бірлесе жұмыс істейді. Біз бәріне ашықпыз – Қазақстанның барша жастарының тілектері мен мақсаттары біз үшін маңызды әрі жанымызға жақын.
«Жас Отан» – «Нұр Отан» партиясының келешегі. Елбасы – Партияның негізін қалаушы, оның басшылығымен Қазақстан халқы қарқынды даму үстіндегі мемлекет құрды. Біз - оның идеяларын таратушылармыз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр