- Басты
- Жаңалықтар
- ДДСҰ оқулары барысында қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды
ДДСҰ оқулары барысында қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды
ДДСҰ баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іс-шараға қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, кафедра оқытушылары, практикалық дәрігерлер, сонымен қатар ҚДСЖМ магистранттары мен докторанттары қатысты.
ҚДСЖМ (Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі) ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы Келісімге сәйкес 1997жылы құрылған.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған ДДСҰ оқуларының сериясы жаңа халықаралық материалдармен танысуға бағытталған.
Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының қызметкерлері репродуктивті денсаулық мәселелеріне арналған ДДСҰ оқулары циклын бірінші болып бастады. Пікірталас модераторы ҚДжӘҒ кафедрасының меңгерушісі, ДДСҰ сарапшысы, м.ғ.д. А.М. Арынғазина болды.
ДДСҰ оқуларында әйелдер мен еркектердің репродуктивті денсаулығына байланысты өзекті мәселелер талқыланды, бір ерекшелігі – барлық өмірлік жағдайлар көп жылдық тәжірибе мен жинақталған материалдар негізінде құрылған сурет үлгісінде көрсетілді.
Жасөспірімдер денсаулығы да өзекті тақырыптардың бірі болды, мұндағы статистикалық мәліметтердің өзі көп жағдайды баяндады. Ал гендерлік саясат мәселесі сұрақ-жауап түріндегі пікірталасқа ұласты. Феминизм және әйелдер құқығы жайлы мәселелер викториналық сұрақтар арқылы өрбіді. Гендерлік зорлық-зомбылық және психикалық денсаулық мәселелері практикадан алынған шынайы оқиғалармен расталды.
Осы ДДСҰ оқуларының бірінші іс-шарасына қатысушылар аталған шарадан үлкен әсер алды. Олар ДДСҰ стратегиялық бағыттары мен ғаламдық денсаулық мәселелерін жариялауға арналған келесі ДДСҰ оқуларының да осы сияқты табысты өтуіне тілек білдірді.
ДДСҰ оқулары жыл бойы өтеді. Оны ҚДСЖМ кафедралары Тұтынушылар құқығын қорғау департаментімен, ғылыми орталықтармен, Этикалық комитетпен, Ардагерлер үйімен және т.б. бірлесе өткізетін болады.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері