KEGOC 2013 жылдың соңына дейін «Халықтық IPO-ға» қатысуды жоспарлауда

8 Қазан, 2013 12:07
«Халықтық IPO» бағдарламасы жалғасуда. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» холдингінде хабарлады. Кезекте – KEGOC, IPO-ға қатысудың хабарын күтуде, деп halyk-ipo.kz порталы хабарлады.

«Біз құжаттардың қоржынын халықаралық тәжірибе бойынша дайындап қойдық», - деп «KEGOC» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» қорының нарығына  KEGOC акциясының шығуы  әлі айтылмады, бірақ бұл үрдіс жыл соңына дейін жүзеге аспақ. Оған қоса,  «Халықтық IPO-ның» дивидендтік саясаты өзгермейді.

«Мен қазір дивидендтік саясаттың өзгеруінде мән көріп тұрған жоқпын, себебі бұл саясат өткен жылы Үкіметтің келісімі арқылы Президент әкімшілігімен қолданған болатын.Ол саясатты жыл сайын өзгертуге болмайды», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Нұрлан Рахметов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар