- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық кәсіпкерлер жер қатынастарын шешудегі жаңалықтардан хабардар етілді
Астаналық кәсіпкерлер жер қатынастарын шешудегі жаңалықтардан хабардар етілді
Аталмыш жиында кәсіпкер азаматтар сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдеріне өздерін толғандырған сауалдарды қойып, өзара пікір алмасты.
«Кәсіпкерлік сағаты» диалог алаңы бизнес өкілдеріне, жұмыс барысында туындаған өзекті деген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тікелей тілдесулеріне үлкен мүмкіндік жасады.
«Бизнес өкілдері өрт қауіпсіздігі ғимараттарын аттестациялау, жалпыға ортақ нормаларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту және елордадан жер учаскелерін бөлудегі қиындықтар туралы білгілері келетіндіктерін жеткізді. Ал сәулет және қала құрылысы бойынша тараптар кәсіпкерлердің өтініштерін жеделдетіп қарау жөнінде келісімге келді»,-делінген кәсіпкерлер палатасының хабарламасында.
Бұған қоса, мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіпкерлерге олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде айтып беріп, бүгінгі қолданыстағы заңнамалдардағы өзгерістер мен жаңалықтар жайында сөз қозғады.
Жиын соңында мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлерге қол ұшын созуға дайын екендігін, ал астаналық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің бүгінгі шарасы кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасында пайда болған көптеген түйткілді мәселелерді шешуге жол беретін маңызы зор шара деп бағаланды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар