- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық тамақ өндірушілер өнімдерін Германияда таныстырды
Қазақстандық тамақ өндірушілер өнімдерін Германияда таныстырды
«Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан ANUGA халықаралық көрмесінде KaznexInvest экспорт және инвестиция бойынша Ұлттық агенттік көмегімен бірыңғай ұлттық стендте отандық тамақ өндірушілер өз өнімдерін таныстырды. «Made in Kazakhstan» тамақ өндірісінің басты артықшылығы – экологиялық тазалық пен табиғилық. Сол себепті ұлттық стенд ұраны «Eat Ecological» деп қойылған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Еуропадағы салалық ірі көрмеге келушілер «Sun Bee» ЖШС-нің бал өнімін, Raimbek Bottlers-тың шырыны мен энергетикалық сусындарын, «Бижан» ЖШС-нің қазы-қарта және өзге шұжық өнімдерін Германияда кеңінен танымал «Рахат» фабрикасының шоколадтары мен конфеттерінің дәмін татуға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек ұлттық стендте «Жаркөл-007» ЖШС-нің зығыр майы, «Қаражау» АШ-ның өсімдік майымен «Цесна» компаниясының макарон өнімдері таныстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, ANUGA тамақ және сусын өнімдерінің халықаралық көрмесі – осы сала бойынша ең ірі халықаралық шаралардың бірі болып табылады. Көрменің ұраны – «Тағамның сапалылығы мен қауіпсіздігі». Бұл көрме дүкен, жылдам тамақтану саласы, қонақ үй, туризм секілді өзге де тікелей немесе жанама байланысы бар кәсіби тұтынушыларға арналған.
Ең алғаш 1924 жылы өткізілген көрме бүгінде екі жылда бір рет ұйымдастырылады.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді