- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балалар мен жастар БАҚ халықаралық медиафестивалі өтуде
Астанада балалар мен жастар БАҚ халықаралық медиафестивалі өтуде
Оған Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі аймақтарынан келген жас тілшілер, кәсіби журналистер, балалар мен жастар ұйымдарының, әлеуметтік желілердің өкілдері, жас фототілшілер, тележурналистер, бейнеоператорлар, педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, зерттеушілер мен ата-аналар қатысады.
Шараның мақсаты - балалар мен жастарға арналған БАҚ-тың рухани-мәдени құндылықтар мен азаматтық сана-сезім қалыптастырудағы әсерін күшейтіп, өскелең ұрпақты патриотизм мен толеранттылыққа баулуға атсалысу, балалар мен жастар БАҚ-ын заманға сай дамытуға ықпалдасып, әлемдік стандарттармен бой түзету.
Сондай-ақ, кәсіби бағдар тиімділігін арттыру және заманауи технологияларға қызыққан, сөз өнерін, шешендік өнерді үйренгісі келген жастарды кәсіби тұрғыдан іріктеу, журналист мамандығын меңгергісі келген жастарға жол нұсқап, дұрыс бағдар беру.
Шара аясында «ХХI ғасырдағы балалардың ақпараттық кеңістігі» атты форум қатысушылары мен «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі, ҚР Ата Заңының 20 жылдығына, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан балалары: лайықты өмір сүруге деген құқық» атты дөңгелек үстел, «Жас тілші – 2015» және «Жас Медиа KZ: балалардың /жастардың үздік медиаорталығы» байқауларының қорытындысы, Жеңістің 70 жылдығына арналған «Біз БЕЙБІТШІЛІК үшін дауыс береміз» атты еске алу акциясы, Кәсіби журналистер мен жас тілшілердің қатысуымен өтетін «Балалардың қоғамдық ақпарттық кеңістігі: ахуалы мен дамуы» атты брифинг, медиафестиваль қатысушыларына арнап өткізілетін журналистика негіздері, ақпараттық менеджмент пен ақпараттық ресурстар туралы шеберлік сыныптары өтеді.
Ең дарынды жас тілшілер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетіне оқуға шақырылады. «Жас тілші – 2015» байқауының жеңімпаздары «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері