- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының ҰОС ардагерін 90 жасымен құттықтады
Ақмола облысының ҰОС ардагерін 90 жасымен құттықтады
1943 жылы он сегіз жасар колхозшы Жақия Қангужин қолына қару асынды. Алдымен ол Украинаның фронттық жолының жүздеген шақырымын жүріп өтті. Пулеметші Винница қаласы үшін қарулы қақтығыста ауыр жарақаттанады. Емделіп шыққаннан кейін жаяу әскер қатарында қорқыныш пен үрейді басып, жауды талқандады.
Майдандастарымен бірге Берлин жертөлесінен қарсыласқан фашистерді алып шыққан. Соғысты Чехославакияда аяқтаған. Ол көптеген ордендер мен медальдардың иегері. Алайда олардың ішіндегі ең қымбаты Праганы босатқаны үшін берілген медаль, оны ондаған жылдар өткесін досы Чехославакиядан алып келген. Хабарда айтылғандай, Жақия Қангужин колхоз төрағасы, совхоз директоры, партиялық және кеңестік органдарда жұмыс жасаған кезде жоғары беделге ие болды.
Бұланды ауданының әкімі Қуандық Іспергенов ардагерді мерейтойымен құттықтап, соғыс алаңынан оралған Жақия ата колхоз төрағасы болып жұмыс жасаған кезінде колхоздың дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Ол әрқашан отаны үшін еңбек еткен.
Ардагер туған күнінде айтылған құттықтауларға алғысын айтты, Жақия атаны құттықтауға тумалары мен жақындары ғана емес, мектеп оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлер де келді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы