- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 43 млрд теңге игерілді - Даленов
Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 43 млрд теңге игерілді - Даленов
«Осылайша, бүгінгі таңда Ұлттық қордың 43 млрд теңгесі игерілді, соның ішінде бюджет желісі бойынша 23 млрд теңге, «Бәйтерек» желісі бойынша 20 млрд теңге. 23 млрд тенге бюджет қаражаты республикалық деңгейдегі көлік жолдарының құрылысы бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген», - деді ол.
Бұл ретте Даленов ағымдағы айда аталмыш желі бойынша («Бәйтерек» жолдингі желісі бойынша автордың еск.) 20,3 млрд теңге игерілді ол ары қарай тұрғындар арасында бөлу үшін жалдамалы тұрғын үй сатып алуға арналған.
Сонымен қатар вице-министр жалпы 2015 жылы 207,8 млрд теңге инфрақұрылым жобаларына, ТКШ және тұрғын үй құрылысына 113,5 млрд теңге, халықаралық ұйымдармен бірге жасалатын халықаралық жобалардағы ҚР үлесін қаржыландыруға 309,2 млрд теңге, АӨК қолдауға 20 млрд теңге, мектептер құрылысына 17,3 млрд теңге, «Балапан» бағдарламасына 12,7 млрд теңге қарастырылғанын айтты.
Оған қоса вице-министр екінші формат - Ұлттық қордан 262,5 млрд теңге көлемінде облигациялық заим туралы айтты. Ол «Бәйтерек» АҚ арқылы жалға берілетін үйлерге несие беруге, ШОБ-қа несие беруге, ірі бизнеске несие беруге, экспортшылар мен тауар өнідірушілерді қолдауға жұмсалады.
Еске салсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 2015 жылы 686 млрд теңге қарыстырылған. Қаржыландырудың екі форматы анықталған: бюджет арқылы және «Бәйтерек» холдингіне займ беру арқылы. «Нұрлы жол» бағдарламасын бюджеттік қаржыландыру көлемі 423,5 млрд теңгені құрайды.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі