- Басты
- Премьер-Министрдің орынбасары Кореяның денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті
Премьер-Министрдің орынбасары Кореяның денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық серпінді дамып келе жатқандығын атап өтті. Екі елдің денсаулық сақтау саласы ведомстволары өкілдерінің арасында қол қойылған екіжақты Меморандумдардың арқасында Кореяның клиникаларында қазақстандықтар тұрақты емделіп тұрады, сондай-ақ олар қазақстандық мамандарды оқытумен айналысуда.
«2014 жылдың желтоқсан айында Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де Каннам Северанс клиникасымен бірлескен диагностикалық орталық ашылды. Аталмыш клиникамен қазіргі таңда әсіресе Шығыс Қазақстан облысының өкілдері белсенді байланыста жұмыс істеуде. Бұл аймақта кореялық дәрігерлер шеберлік-сабақтарын өткізіп, Шығыс Қазақстан облысының жайсыз аймақтарында тұратын науқастар мен азаматтарды қабылдап, консультациялық көмектер көрсетуде. Бұған қоса, Өскемен қаласының реабилитация орталығына қажетті мамандар дайындалып, облыстық ауруханаға өте қымбат диагностикалық құрылғы тарту етілді. Биылғы жылы Қазақстанға кореялық клиниканың жетекші дәрігерлері келіп, күрделі операцияларды тегін жасап бермекші»,-делінген хабарламада.
Кездесу барысында сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы, соның ішінде медициналық орталық салу мен еліміздің аймақтарындағы жедел жәрдем жүйесін жаңғырту бағытында жүзеге асырылуы қажет бірнеше жобаларға қатысты да мәселелер сөз болды.
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді
-
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы
-
COVID-19: аурудан кейін психикалық ауытқу болуы мүмкін бе
-
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті
-
Қазақстандық жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығы қандай
-
COVID-19: Жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар нені білуі керек
-
COVID-19: Денсаулық сақтау минситрлігінің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді
-
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды
-
Денсаулық сақтау министрі алғаш болып тұмауға қарсы екпе салдырды
-
ИНФОГРАФИКА: Денсаулық саласын дамыту үшін қойылған міндеттер
-
Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар
-
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті
-
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына дайын ба
-
COVID-19: 12 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

