- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Президенттігіне үміткер Ә. Құсайыновтың сайлауалды штабы өз жұмысына кірісті
Астанада ҚР Президенттігіне үміткер Ә. Құсайыновтың сайлауалды штабы өз жұмысына кірісті
Әбілғазы Құсайынов сайлауалды штабының басшысы қызметін Рүстем Жоламан атқармақ.
«Бүгіннен бастап біздің кандидат Әбілғазы Қалиақпарұлының штабы жұмысқа кірісті. Алдымызда біраз жұмыстарымыз бар. Жоспар бойынша біз де жер-жерге баруымыз керек. Яғни әр сайлаушыға өз платформамызды жеткізуіміз керек. Одан кейін үгіт-насихат жұмыстарымызды барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізуіміз керек. Менің ойымша, дұрыс нәтижеге жетеміз», - деді ҚР Президенттігіне кандидат Ә. Құсайыновтың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан.
Қазақстандықтар таза ауамен демалып, таза ауыз суын ішуі керек. Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауалды бағдарламасын дәл осы экология мәселесінен бастап, сол арқылы азаматтардың жайлы өмірге қол жекізуін негізге алған.
Сонымен қатар, ол өндіріс кешендеріне қатаң бақылау жүргізген жөн дейді. Өйткені елімізде қарқынды дамып жатқан өндіру және өңдеу өнеркәсіптері қоршаған ортаға үлкен залал келтіруде.
Мәселен соңғы 5 жылдың өзінде өндіріс қалдықтарының көлемі еселеніп өскен. Оның біраз бөлігі улы болып табылатыны анық. Құсайынов өз бағдарламасында осы мәселелерге жіті мән беріп, өнеркәсіп саласындағы техникалық талаптарды қатаң бақылауды қолға алу керектігін айтып отыр.
Үгіт-насихат тобының міндеті – насихат жұмыстарының заң аясында өтуін қадағалап, тиісті іс-шаралар ұйымдастыру. Сонымен қатар барлық сайлау бөлімшелері бойынша кандидаттың сенімді өкілдерінің жұмысын үйлестіру. Үміткердің сайлауалды тұрынмасындағы басты тақырыптардың бірі – экология мәселесі.
Астанадағы іскерлік орталықтардың бірінде орналасқан штаб ең негізгі қызметті атқарады. Яғни кандидаттың өңірлердегі сенімді өкілдері тікелей осы жердің пәрмені бойынша жұмыс жасайды. Қазірдің өзінде олардың сайлауалды бағдарламасы мен үгіт-насихат жоспары жан-жақты талқыланып, бір жүйеге келтіріліп қойылған. Бүгіннен бастап енді оны жүзеге асыра бастайды.
Ал, 26 наурыз бен 24 сәуір аралығында республикалық және өңірлік штабтар ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда. Оның ішінде аймақтарда сайлаушылармен кездесу де жоспарланған. БАҚ-тарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Президенттікке өз-өзін ұсынушы Әбілғазы Қалиақпарұлы Орталық сайлау комиссиясына нөмірі 3 кандидат ретінде тіркелген.
Айта кетейік, Әбілғазы Құсайынов еңбек өтілінің әр жылы мемлекеттік лауазымдарды атқарды. Соның ішінде министр, вице-министр, комитет төрағасы сияқты қызметтердің де тізгінін ұстаған. Ал, 2012-2013 жылдары Қарағанды облысының әкімі болды.
Үміткердің сайлауалды штабы бүгін жұмысқа кірісті. Ал ертеңнен бастап Презитенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов сайлауалды үгіт-насихат аясында аймақтарды аралайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция