• Басты
  • Жаңалықтар
  • Талдықорғанда Индустриаландыру картасы бойынша жылтыр сыр бояулары өнімінің жаңа толқын зауытының құрылысы аяқталуда

Талдықорғанда Индустриаландыру картасы бойынша жылтыр сыр бояулары өнімінің жаңа толқын зауытының құрылысы аяқталуда

8 Қазан, 2013 11:38
Талдықорған өнеркәсіптік аймағында жылтыр сыр бояулары өнімдерінің жоғары технологиялы зауыт құрылысы аяқталуда. «Алматы бояулары» ЖШС негізінде салынып жатқан өнеркәсіптік жобасы аймақтық Индустриаландыру картасына енді, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры АҚ-ның баспасөз қызметі.

«5 га жерді алып жатқан кейінгі ұрпақтың зауыты әлемдік  алдыңғы қатарлы қондырғылармен жарақтандырылмақ. Қазірдің өзінде жақын арада дайын  өнім шығаратын 2 цех дайын тұр. Сонымен қатар, өзіндік инфраструктураға ие замануи кеңсе мен футбол және хоккей алаңдары, асхана секілді әлеуметтік нысандар салынуда», - делінген хабарламада.

Аталмыш инновациялық жоба «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры арқылы мемлекет тарапынан демеуге ие болып отыр. Бұдан бөлек ҮИИД бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс нысандарына электр желілері мен темір жол тартылуда.

Айта кету керек, бүгінде «Алматы бояулары» ЖШС жол белгілері эмалін шығарушы  алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың  бірі. Оның өнімдері ауа температурасының  құбылуына төзімді, көп уақытқа шыдамды және күннің кез келген уақыты мен ауа-райының кез келген жағдайында  айқын көрінеді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар