- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚКХП атынан ұсынылған Президенттiкке кандидаттың сайлауалды штабы ашылды
Астанада ҚКХП атынан ұсынылған Президенттiкке кандидаттың сайлауалды штабы ашылды
ҚКХП республикалық штабының басшысы Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров болды. Брифинг барысында ол Президенттікке үміткер Т.Сыздықовты қолдау мақсатында өңірлік штабтар ашылатынын атап өтті.
Партия кандидатты қолдау мақсатында Қазақстан аумағы бойынша өзiнiң үгiт-насихат пойызын аттандырды. Бүгiн Көкшетау қаласына бет алған пойыз Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Алматы қалаларын араламақ.
Іс-шараға сондай-ақ Орталық комитеттің хатшысы, ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов пен «Халықтық коммунистер» фракциясының басшысы Владислав Косарев қатысты.
ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықов өз сөзінде бұл сайлау науқанының маңызы зор екенін атады.
«Біз сайлау үдерісіне бірінші рет қатысып отырған жоқпыз, біз үшін бұл жаңашылдық емес. Осы мүмкіндікті халыққа тағы бір мәрте өз бағдарламамызды жеткізу, мақсат-міндеттерімізді таныстыру және сайлауалды тұғырнаманың басым бағыттарын түсіндіру үшін пайдаланамыз», - деді.
Коммунистер көліктерден құралған үгіт-насихат поезымен еліміздің әр өңірінде 26 күнде 40 іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Үміткердің сайлауалды штабына Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров жетекшілік етеді. Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының өкілдері жұртшылықтың өздерін қолдайтындықтарына және Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасы көпшіліктің көкейіндегісін дөп басатындығына сенімді.
Президенттікке кандидат Сыздықов Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасында осы үш мәселеге басымдық берілген. Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының республика бойынша 100 мың 343 мүшесі бар. Олар халықты Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасынмен таныстырып, партияның ұстанымын насихаттауда белсенділік танытпақ.
ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов жайында қысқаша ақпарат. Ол 1947 жылы Көкшетау облысы Чистополье ауданының Луганка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын слесарь, механик, тракторшы болып бастаған. Әр жылдары Кеңес Одағының Коммунистер партиясында қызмет атқарды. Қазір Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы. 67 жастағы кандидат сайлауалды тұғырнамасын насихатауды өзінің туған жерінен бастауды жөн көріпті. Одан кейін үгіт-насихат жұмыстары Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Алматы қалаларында жалғасады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды